2 қараша күні "Шалқыма" концерт залында Тәттімбет атындағы VIII Республикалық конкурстың ашылуы өтті

2 қараша күні "Шалқыма" концерт залында Тәттімбет атындағы VIII Республикалық конкурстың ашылуы өтті. Атақты жерлесіміз, халық композиторы Тәттімбет атындағы байқаудың ашылуына академиялық оркестр, қаланың мәдени орта өкілдері, әкімдік және басқарма басшылары, өнерсүйер қауым қатысты.
Ұлт аспап орындаушылары сайысқа түсетін аталмыш конкурсқа еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Семей, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Қостанай өңірлерінен үміткерлер келді. Әрине, үш күнге созылатын бұл деңгейі жоғары додада қарағандылықтар да бақ сынауда. Ал, 4 қараша күні - жеңімпаздардың қатысуымен гала-концерт өтеді.