2021 жылы қазан айының 26-шы жұлдызында Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің алғашқы іргетасын қалаған өнер қайраткерлері мен халық әртістеріне – алғашқы қарлығаштарына арналған мемориалды тақта ашылды

1938 жылы Қарағанды өңірінде құрылған өнерлі жастардың ұжымы бүгінгі күні Қазақстанның алдыңғы қатарлы ірі мәдениет ошағының біріне айналды. Алматы, Мәскеу секілді ірі қаланың мәдениет оқу орындарынан білім алған жастар тек Арқа өңіріне ғана емес, алыс-жақын шетелде де өнер көрсетті, қазақ мәдениетін биікке көтерді.
Бүгін, 26-шы қазан күні Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 3 үйде осы өнер майталмандары - алғашқы қарлығаштарға арналған мемориалды тақта ілініп, өнерсүйер қауымды қуанышқа бөледі.