2021 жылдың 7, 11 наурыз күндері Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің джаз оркестрі қарағандылықтарға «Көктемгі көңіл-күй» атты концерт ұсынады

Кеш Халықаралық әйелдер күніне арналады. Аталмыш концертте бірлестіктің жеке орындаушылары халыққа танымал әндерді шырқап, тыңдарманға мерекелік көңіл-күй сыйлауға дайындық үстінде. Бағдарламада оркестр әлемдік джаз туындыларын орындайды, ал халықаралық конкурс лауреаттары: Азат Туранел «Эти глаза напротив», «Ах, эта девушка», Дулат Аханов «Чертово колесо», Айдар Қаппасов «Я люблю тебя до слез», «Где же ты была», Нұрбол Темірғалиев «Анаға сәлем», «Вечная любовь», «Мерей» триосы «Парафраз», «Мұңайма», Айдар Каппасов «Я люблю тебя до слез» әндерін тарту етеді. Кеш дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко, жүргізуші – Людмила Гольская.