Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің орта буын және жас буын әртістеріне баспана кілті табысталды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек пен Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Қайроллаұлы Жұмакеновтың қолдауымен ұжымымыздың қызметкерлері қуанышқа кенеліп, үлкен сыйға ие болды.
Қанаев Рүстем, Бахтияров Мейрам, Миллер Кристина, Қайыркенова Саида, Қордабаева Тілеужан, Хамза Дариға, Мүскінов Ерасыл, Темірғалиев Нұрбол, Оспанова Зауре, Артақша Гүлсімай, Сармутдинов Төлеген, Ашкенов Санжар, Осатаев Медет, Хасанова Динара сынды дарынды музыканттардың, жеке орындаушылар мен қызметкерлердің өнер жолындағы адал еңбектері бағаланып, баспаналы болды. Музыканттар арасында көпбалалы 3 отбасы бар екенін ескерсек, бұл қуаныштың орны ерекше екені белгілі.
Облыс әкімі Жеңіс Махмұдұлы өнер иелерін «Мәдениет қызметкерлері күні» мерекесіне орай құттықтап, тілегін жеткізіп, пәтер кілтін табыстады. Дәл осы күні концерттік бірлестіктің тағы да бірқатар қызметкерлері облыс әкімі сыйақысы мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы сыйақысын иеленді.
Барлық ұжымдастарымызды кәсіби мерекесімен тағы бір мәрте құттықтап, зор табыс, ашық аспан, бақыт тілейміз!