«Қазақ деген халықтың еркесімін»

24 сәуір С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының концерттік залында КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Роза Бағланованың 100-жылдық мерейтойына арналған «Қазақ деген халықтың еркесімін» атты тамаша концерт өтті. Аталмыш іс-шара Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы мен Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігімен ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен бұқаралық сипатқа ие болған ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін бұлбұл әншінің мерейтойы биыл 1-наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты түрде ашылып, жыл көлемінде еліміздің барлық аймағында тойланатын болады.