Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі Халықаралық әйелдер күніне арналған «Махаббат әні» атты концерт дайындауда

Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі Халықаралық әйелдер күніне арналған «Махаббат әні» атты концерт дайындауда. Мерекелік кеште бірлестіктің жеке орындаушылары өнер көрсетеді. Бағдарламада халықтың көңілінен берік орын алған атақты шығармалар орындалады. «Мерей» триосы «16 қыз» халық әнін шырқаса, ал Халықаралық конкурс лауреаттары Дулат Аханов пен Нұрбол Темірғалиев А.Зацепиннің танымал «Мама» туындысын шырқайды. Көрермен «Аққу» фолькорлық-хореографиялық ансамблінің әсем биін тамашалай алады. Халықаралық конкурс лауреаты Азат Туранель «Солдат» әнін тарту етпек. Концерттік бірлестіктің тағы да басқа көптеген әртістері осы кеште өнер көрсетеді.