Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің ұжымы Ескендір Хасанғалиевтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады

Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің ұжымы Ескендір Хасанғалиевтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР халық артисі, әйгілі сазгер Ескендір Хасанғалиевтің өмірден өтуіне байланысты Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік ұжымы атынан марқұмның отбасына, туған-туысына, жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Е.Хасанғалиев қазақ мәдениетіне, руханиятына өз үлесін өлшеусіз қосқан тұлға. Ескендір Өтегенұлының жарқын бейнесі мәңгі жүрегімізде қалады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!