Мектеп жасындағы балаларға арналған "Оркестр достарын жинайды" концерті

Қазақстан Республикасындағы Балалар жылы аясында 13 сәуір күні "Шалқыма" концерт залында жастарға арналған концерт өтіп, "Өнер барлығы үшін" жобасының жинағына енді. "Оркестр достарын жинайды" бағдарламасында И.С.Бахтың, К.М.Вебердің, З.Р.Штраустың, Г.Венявскийдің және т.б. атақты композиторлардың шығармасы ойналды. Е.Рахмадиев атындағы академиялық симфония оркестрі, бағдарлама жүргізушісі Людмила Гольская жастарды тек классикалық музыкамен ғана емес, сонымен қатар, жеке орындаудағы скрипка, валторн, кларнет, саксофон аспаптарымен де таныстырды. Сахнада өнер көрсеткен музыкант-жеке орындаушылардың концертке келген көрермендермен жас шамалары бірдей болуы - маңызды дүние болып табылады. Классика жауһарларын тыңдап отырған жасөспірімдердің музыкаға сүйсінген жүзіне қарасаңыздар, бәрі түсінікті болады деп ойлаймыз. Жастардың көбісі симфония концертіне алғаш келген еді. Биік өнермен танысуы кездейсоқтық болып қалмай, керісінше, өміріндегі жарқын сәт болып есте қалатынына, концерт залдарына тағы да келуге асығатынына сенеміз. Фотошебері Тимур Кудериновтың репортажы мен фотоальбомын тамашалап, кештен тамаша әсер алыңыздар, бөлісіңіздер, алдағы уақытта өтетін біздің концерттерге жанұяңызбен келіп, қонақ болыңыздар!