ДЖАЗ ОРКЕСТРІНІҢ КОНЦЕРТІ

Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі
ДЖАЗ ОРКЕСТРІНІҢ КОНЦЕРТІ
Кеш қонағы – РОЭМ ЯНГ (АҚШ)
Дирижері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері ИГОРЬ АНДРЕЙЧЕНКО
Концерттік бірлестік 1938 жылдан бастау алып, құрамында Қали Байжанов, Жүсіпбек Елебеков, Зәбира Жұбатова, Рахия Қойшыбаева, Қосымжан Бабақов, Мағауия Хамзин, Үрия Тұрдықұлова секілді халық әртістері жұмыс жасады. Қазіргі уақытта «Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі» Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі, Симфониялық оркестр, Джаз оркестрі, «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблі, «Арқа Сазы» фольклорлық ансамблі, «Мерей», «Әуен», «Арай» ансамбльдері арқылы ұлттық өнер мен мәдениеттің озық үлгілерін насихаттап келеді.
«ЖАЗ ӘУЕНДЕРІ» жобасында Қазақстан көлемінде ғана емес алыс-жақын шет елдерге танымал ҚАЛИ БАЙЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ КОНЦЕРТТІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ДЖАЗ ОРКЕСТРІ өнер көрсетпек.
ӘУЕНМЕН ӘСЕРЛЕНІҢІЗДЕР, ДОСТАР!
Онлайн-көрсетілім 3 тамыз күні сағат 19.00-де Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасынан көрсетіледі.