Конкурс

Конкурс

 

2025 жылдың 4-6 қараша күндері аралығында Қарағанды қаласында Мәди Бапиұлы атындағы VІ республикалық дәстүрлі әншілер конкурсы өтеді.

 

Мәди Бапиұлы – әнші, композитор, ақын. Бала кезінен сан-қырлы өнерімен аты шыққан. Ол Ақан серіБіржан Сал сияқты әнші, ақындардан халық өнерін, дәстүрлі орындаушылық өнердің қыр-сырын жетік меңгереді. Мәди күрескер, қайсар мінезі  үшін қуғын-сүргінге ұшырып, жалған айыптау бойынша сотталады. Ол абақтыда отырғанда туған жеріне деген сағыныштан “Қаракесек” әнін дүниеге әкеледі. Онда өзінің ауыр тағдырын, қоғамдағы әділетсіздік туралы жырлайды. Мәдидің шығармашылық мұрасы толық жиналмаған. Бірақ, оның халық жадында сақталған әндері әлі күнге сыр-сымбатын жоғалтқан жоқ. Өткір, еркін, жан-дүниені баурайтын сұлу әндері сахнада үнемі шырқалады. Оның әндері Е.Г.Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Шіркін-ай”, “Мәди”, “Қыз Жібек” операларында қолданылды. Мәдидің өмірі мен шығармашылығына А.Жұбановтың, А.Бектасовтың зерттеулері, Ә.Әбішевтің “Найзағай” романдары арналған.

Осылайша қазақ дәстүрлі өнерінің классикалық деңгейге көтеріліп, әлем сахналарында орындалуына үлкен септігін тигізген қазақтың аяулы ұлы  Мәди Бәпиұлының биыл 145 жылдығы. VІ республикалық конкурс осы мерейтоймен тұспа-келіп отыр.

 

2025 жылдың 4 қарашасында кешкі сағат 16.00-де «Сарыжайлау» ккинотеатрының залында Мәди Бапиұлы атындағы VІ республикалық дәстүрлі әншілер конкурсының салтанатты ашылуы өтеді

Бағдарламада:

-  Конкурстың салтанатты ашылуы

-  Конкурсқа қатысушылардың жеребий тарту рәсімі

 

2025 жылдың 5, 6 қараша күндері «Шалқыма» концерт залында

конкурстың І және ІІ турлары өтеді

 

2025 жылдың 6 қарашасында кешкі сағат 18.30-да «Аманат» партиясының залында Мәди Бапиұлы атындағы VІ республикалық дәстүрлі әншілер конкурсының жабылуы.

 Бағдарламада:

 

- Лауреттарды марапаттау рәсімі

- Конкурстың жеңімпаздары және қазылар мүшелерінің қатысумен гала-концерт.

 

Анықтама телефоны 8 701 339 72 57