"Эстрадада ән салу" балалар үйірмесінің оқушылары үшін вокалдан шеберлік сыныбы

"Эстрадада ән салу" балалар үйірмесінің оқушылары үшін вокалдан шеберлік сыныбы

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жеке орындаушылары 22 ақпан күні эстрадалық балалар үйірмесінің оқушыларына вокалдан шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шара Қазақстандағы балалар жылына арналған "Болашақ дарындар" форумы аясында жасалды. Бірлестік басшылары балаларға эстрадалық ансамбльдер мен джаз оркестрінің дайындық студияларын көрсетіп, экскурсиямен аралатты. Жеке орындаушылар жас вокалистерді эстрадада ән салу негіздерімен, дауысты қыздыру, әншілердің демалу және дауыс қою ережелерімен таныстырды. "Арқа сазы" фольклорлық ансамблінің әртістері балаларға қазақ ұлттық музыка аспаптары жайлы баяндап, ойнап көрсетіп, кішігірім концерттік бағдарлама ұсынады. Джаз оркестрінің жеке орындаушысы Ксения Николаева жас әртістерге өзінің вокалдық шеберлігін паш етті. Кәсіби әртістермен кездесу соңында балаларға шеберлік сыныбын өткені туралы сертификат салтанатты түрде табысталды. Өнерлі бүлдіршіндер кәсіби әртістер көрсеткен барлық дәрісті ерекше көңілмен қызығып қабыл алды. Осындай үлкен музыкалық ұжымның жұмыс атмосферасына ену, танысу балалардың шығармашылық дамуына зор үлесін тигізері сөзсіз.

Фотобаянды дайындаған Болат Аймағамбетов.