Аяулы аруларға

Аяулы аруларға

Наурыз айының3-жұлдызында Кеншілер мәдениет сарайында көктемнің алғашқы мерекесіне орай кеш өтті. Толығырақ айтсақ, Халықаралық 8-наурыз мерекесіне арнап джаз оркестрі нәзік жандыларға керемет кеш сыйлады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко бұл кешке үлкен джайындықпен келгендігін көрсете білді. Концерт барысында махаббат жайлы, көктем жайлы әндермен қатар ақындардың жалынды жырлары да оқылды. Концерттің жоғары деңгейде өтуіне Надежда Зыкова, Ксения Нколаева, Медеу Шілманов, Айдар Қаппасов, еркебұлан Еріков, Айдан Тұңғышбаев сынды Қ.Байжанов атындағы концерт бірлестігінің жеке орындаушыларының да еңбегі сіңді.