Астана Операда Қарағанды музыканттары өнер көрсетті

Астана Операда Қарағанды музыканттары өнер көрсетті

- Елордалық өнер сүйер қауым ерекше кештің куәгері болды. Жиналған жұрт «Астана Опера» сахнасынан – әдеттегідей театр өнерпаздарын емес, Қарағандыдан келген музыканттардың өнерін тамашалады. Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі симфониялық оркестрі жан тебірентер жауһар туындылармен тыңдармандарды тамсандырды.