XVІІ халықаралық «Әуенді Сарыарқа» фестивалі

19-21 қараша аралығында Қарағанды қаласында XVІІ халықаралық «Әуенді Сарыарқа» фестивалі өтеді. Фестиваль қонақтары ретінде В.Андреев атындағы мемлекеттік Академиялық орыс оркестрі, джаз жұлдыздары, Қазақстанның және Ресейдің сопрано дауысты танымал әртістері келмекші.
Фестиваль Сәкен Сейфуллин атындағы драма театры мен Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.
19 қараша күні фестиваль шымылдығын В.Андреев атындағы мемлекеттік Академиялық орыс оркестрі ашады. Дирижері және көркемдік жетекшісі-Ресейдің халық артисі Дмитрий Хохлов. Дәл осы ұжым 20-шы қараша күні Теміртау қаласында өнер көрсетеді.
20-шы қараша күні Қарағанды джаз оркестрі көрермендерін тосын сыймен қуантады. Игорь Андрейченко әдеттегідей көрермендерін таң қалдыруды жоспарлап отыр. Құрамында танымал музыканттар бар алматылық «JAZZ HOUSE» квартеті бұл күні сіздердің жалықпауларыңызға кепілдік бермекші.
Жұмыс күндері қойылатын барлық концерттердің басталу уақыты-18.30 деп белгіленген. Сенбі күні, фестивалдің жабылу салтанаты сағат 17.00-де Кеншілер мәдениет сарайында өтпекші.
21 қараша күні Петр Грибановтың дирижерлік етуімен өтетін Қарағанды Симфония оркестрінің концерті жұртшылыққа жағымды жаңалық әкелмекші. Ольга Годунова мен Екатерина Лёхинадан құралған Jazz&Opera жобасын берісі Ресей, әрісі барлық Европа жұртшылығы біледі.