С.Сейфуллин театрының сахнасында опера классикасы өтті

С.Сейфуллин театрының сахнасында опера классикасы өтті

16 ақпан күні опера өнерінің қарағандылық жанкүйерлері Джоаккино Россинидің "Шелковая лестница" фарс – операсын зор қошеметпен қабыл алды.
Бұл кеште сәттілік серік болды:
Людмила Гольскаяның сырлы сөздері, «Астана Операның» алдыңғы қатардағы құрамы, көркемдік жетекші П.Грибанов дирижерлік еткен Е.Рахмадиев атындағы симфония оркестрі – осы шығармашылық құрам, әрине, үлкен жетістікке ие болды! Сахнадағы айқын, кәсіби пластика, вокал шеберлігі, әдемі костюм, оркестрдің көркем сүйемелі көрерменге ләззат сыйлай білді!
Классика дәстүріне деген шынайы махаббаты мен кәсіби шеберлігі үшін барлық әртіске зор алғыс білдіреміз!
Құрметті көрермен, алдағы уақытта өтетін концерттердің анонсы мен афишасын Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің сайтынан, әлеуметтік желілердегі ашық топтардан біле жүріңіздер. Жаңа бағдарламалар мен концерттерде Сіздерді асыға күтеміз!
Сіздермен қауышуға әркез қуаныштымыз!