
22 мамыр сағат 18-30да «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрінің ХХҮІІ концерттік маусымының жабылуына арналған концерт өтті. Концерт қонақтары Қазақстанның еңбек сіңрген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Майра Ильясова(вокал Алматы қ.). Дирижерлар Қазақстанның еңбек сіңрген қайраткерлері - Дүйсен Үкібай және Әбдуғалисын Шоқанбаев. Аталаған концертті көрермен ыстық ықласпен қарсы алып жоғары баға берді.

Маусымның 4 күні Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма тетары ғимаратында джаз оркестрінің ХХ маусымының жабылуына арналған салтанатты концертті өтті. Зал көрерменге лық тола болды. Кеш қонағы әлемге аты әйгілі Павел Шаромовтың ансамблі. Ресейдің Новосибирск қаласынан келген ұжым бұл жолы «The BEST» атты бағдарламасымен келді. Аталған бағдарлама әр түрлі жанрды қамтыған, атап айтқанда, романстан джазға дейін сонымен қатар а капелла жанрындағы әуендер орындалды. Оркестрдің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.