Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің орта буын және жас буын әртістеріне баспана кілті табысталды Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің орта буын және жас буын әртістеріне баспана кілті табысталды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек пен Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Қайроллаұлы Жұмакеновтың қолдауымен ұжымымыздың қызметкерлері қуанышқа кенеліп, үлкен сыйға ие болды.

2021.05.20 / 14:45
Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің ұжымы Ескендір Хасанғалиевтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің ұжымы Ескендір Хасанғалиевтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР халық артисі, әйгілі сазгер Ескендір Хасанғалиевтің өмірден өтуіне байланысты Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік ұжымы атынан марқұмның отбасына, туған-туысына, жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. 

2021.05.01 / 13:30
Құрметті көрермен! Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік өз қызметін қайта бастайды Құрметті көрермен! Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік өз қызметін қайта бастайды

Құрметті көрермен! Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік өз қызметін қайта бастайды. Енді концерт залдарына өзіңіз сканерлеген QR код арқылы кіре аласыз, оны залға кірер алдында көрсетуіңіз керек.

2021.04.20 / 11:15
«Қош келдің, Наурыз!» «Қош келдің, Наурыз!»

2021 жылдың 19 наурызы күні «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Наурыз!» атты концерті өтті.

2021.03.26 / 10:15
Арқа сазы» фольклорлық ансамблі «Наурыз-Думан» мерекелік концерті Арқа сазы» фольклорлық ансамблі «Наурыз-Думан» мерекелік концерті

2021 жылдың 22 наурызы күні «Шалқыма» концерт залында «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің «Наурыз-Думан» атты мерекелік концерті өтеді. Кеш Ұлыстың Ұлы күніне арналғандықтан, көрерменге наурыз, көктем, мереке-думан жайлы әндерден шашу шашылады.

2021.03.15 / 15:00
2021 жылдың 7, 11 наурыз күндері Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің джаз оркестрі қарағандылықтарға «Көктемгі көңіл-күй» атты концерт ұсынады 2021 жылдың 7, 11 наурыз күндері Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің джаз оркестрі қарағандылықтарға «Көктемгі көңіл-күй» атты концерт ұсынады

Кеш Халықаралық әйелдер күніне арналады. Аталмыш концертте бірлестіктің жеке орындаушылары халыққа танымал әндерді шырқап, тыңдарманға мерекелік көңіл-күй сыйлауға дайындық үстінде.

2021.03.05 / 10:30
Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі Халықаралық әйелдер күніне арналған «Махаббат әні» атты концерт дайындауда Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі Халықаралық әйелдер күніне арналған «Махаббат әні» атты концерт дайындауда

Мерекелік кеште бірлестіктің жеке орындаушылары өнер көрсетеді. Бағдарламада халықтың көңілінен берік орын алған атақты шығармалар орындалады. «Мерей» триосы «16 қыз» халық әнін шырқаса, ал Халықаралық конкурс лауреаттары Дулат Аханов пен Нұрбол Темірғалиев А.Зацепиннің танымал «Мама» туындысын шырқайды.

2021.03.03 / 16:30
«Түркі тілдес елдердің санқырлы бояуы» «Түркі тілдес елдердің санқырлы бояуы»

Биыл түркі тілдес елдердің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толды. Бұл айтулы мерекеге орай өтетін іс-шаралар легі 25 ақпан күні Түрікменстанның астанасы Ашхабат қаласынан бастау алды. «Түркі тілдес елдердің санқырлы бояуы» атты онлайн концерт-конференция өтіп, әр елдің өнер қайраткерлері құттықтау сөз сөйледі. ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының құрамына кіретін – Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан елдерінің халық аспаптар оркестрлері өнер көрсетті.

2021.02.26 / 15:45
Назар аударыңыздар! Назар аударыңыздар!

Назар аударыңыздар! Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің бүгінгі концерті ауа-райының қолайсыздығына байланысты, наурыз айының 2 жұлдызына, сағат 18.30-ға ауысты.

2021.02.25 / 18:45
Біздің Youtube арнамызда 2021 жылдың 30 ақпаны күні Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрдің "Чарующие ритмы музыки" концертін тамашалаңыздар Біздің Youtube арнамызда 2021 жылдың 30 ақпаны күні Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрдің "Чарующие ритмы музыки" концертін тамашалаңыздар

Біздің Youtube арнамызда 2021 жылдың 30 ақпаны күні Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрдің "Чарующие ритмы музыки" концертін тамашалаңыздар. Кеш халықаралық конкурстар лауреаты Әділет Азбаевтың (Нұр-Сұлтан қ.) жетекшілігімен 2020 жылдың 9 ақпаны күні С.Сейфуллин атындағы театр сахнасында өтті.

2021.01.25 / 17:00
Концерттер уақытша тоқтатылды Концерттер уақытша тоқтатылды

Құрметті көрермен, күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жасалған бас санитарлық дәрігердің қаулысына орай, 23 қаңтардан бастап карантин шаралары күшейіп, барлық іс-шара тоқтатылады!

2021.01.22 / 12:00
Құрметті көрермен, 22 қараша, сағат 17.00-де "Шалқыма" концерт залына Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің XXXIII концерттік маусымының ашылуына шақырамыз. Кеш атақты композитор, күйші Тәттімбет Қазанғапұлының 205 жылдығына арналады Құрметті көрермен, 22 қараша, сағат 17.00-де "Шалқыма" концерт залына Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің XXXIII концерттік маусымының ашылуына шақырамыз. Кеш атақты композитор, күйші Тәттімбет Қазанғапұлының 205 жылдығына арналады

Құрметті көрермен, 22 қараша, сағат 17.00-де "Шалқыма" концерт залына Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің XXXIII концерттік маусымының ашылуына шақырамыз. Кеш атақты композитор, күйші Тәттімбет Қазанғапұлының 205 жылдығына арналады.

2020.11.19 / 15:30