
4 наурыз күні цирк ғимаратында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің эстрада-симфония оркестрі мен Павел Шаромовтың вокал ансамблі (Новосибирск) Майкл Джексонның, "ABBA" мен "Queen" топтарының репертуарынан өзгеше бояумен өңделген жиырма шақты ән орындады. Бағдарламаны Владимир Вишняков жүргізді.

Фестиваль Новосибирск қаласында 25 ақпан күні басталды.
Жергілікті филармония ғимаратында Қарағанды оркестрінің концерті аншлагпен өтті!

Шекті квартеттің алғашқы құрамы 1988 жылы Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебінде құрылды. Бүгінгі күні квартетте төртінші буын музыканттар жұмыс істейді. Шығармашылық ұжымның негізін қалаушы - көркемдік жетекшісі, республикалық және халықаралық конкурстар лауреаты, виолончель аспабында ойнайтын дарынды маман Ернар Мынтаев.

16 ақпан күні опера өнерінің қарағандылық жанкүйерлері Джоаккино Россинидің "Шелковая лестница" фарс – операсын зор қошеметпен қабыл алды.

Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі (Қарағанды) мен «Аманат» ансамблінің (Нұр-Сұлтан) тынымсыз жұмысының нәтижесі аншлаг пен орасан жетістікке жеткізді!

Қарағанды циркі ғимаратында 4 наурыз күні, сағат 18:30-да Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің эстада-симфония оркестрі мен Павел Шаромовтың (Новосибирск) вокал ансамблінің Халықаралық әйелдер күніне арналған концерті өтеді!

Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі еліміздегі және аймақтағы маңызды спорт шараларын дәстүрлі түрде қолдап келеді. 5 ақпан күні "АрселорМиттал Темиртау" АҚ спорткешенінде ересектер мен жасөспірімдер арасында садақпен атудан Қазақстан Чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

29 ақпан күні «Шалқыма» концерт залында өтетін Е.Рахмадиев атындағы симфония оркестрінің концертіне классикалық әуен тыңдармандарын шақырамыз. Жеке орындаушы – Халықаралық конкурстар лауреаты Филипп Копачевский (фортепиано, Мәскеу).