Арқа сазы» фольклорлық ансамблі «Наурыз-Думан» мерекелік концерті

Арқа сазы» фольклорлық ансамблі «Наурыз-Думан» мерекелік концерті

2021 жылдың 22 наурызы күні «Шалқыма» концерт залында «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің «Наурыз-Думан» атты мерекелік концерті өтеді. Кеш Ұлыстың Ұлы күніне арналғандықтан, көрерменге наурыз, көктем, мереке-думан жайлы әндерден шашу шашылады. Сахнада Құрмаш Ыбышев Ә.Еспаевтің «Әлі есімде» әнімен, Ришат Шабденов Ғазиздің әні «Ғазиз», Гүлмира Тапай Д.Әркеновтың «Гүл көктем» әнімен, Мерей Жаулетбаева (домбырада) А.Бекбосынов «Телқара» күйімен өнер көрсетеді. «Аққу» фольклорлы-хореографиялық ансамблі қазақтың ұлттық билерін орындаса, ал ансамбль Б.Айсиновтың «Наурыз күйі», Ақан серінің «Балқадиша» шығармаларын тарту етеді. Бұл мерекелік концертте тағы да басқа өнерпаздар өз өнерлерін паш етеді.