Музыка мерекесі!

Музыка мерекесі!

4 наурыз күні цирк ғимаратында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің эстрада-симфония оркестрі мен Павел Шаромовтың вокал ансамблі (Новосибирск) Майкл Джексонның, "ABBA" мен "Queen" топтарының репертуарынан өзгеше бояумен өңделген жиырма шақты ән орындады. Бағдарламаны Владимир Вишняков жүргізді.

Бұл концертті өткізуді қолға алған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, оркестрдің дирижері Игорь Андрейченко. Біздің сахнамызда 4 жыл бұрын өнер көрсеткен Новосибирск әртістері аталмыш концертті де іске асыруға қуана келісті. Көрермен бағдарламаны ерекше ықыласпен қарсы алды! «Жарайсыңдар! Тағы да!» - деп құрмет көрсеткен халық екі сағат өнер көрсеткен музыканттарды сахнадан жібермей ықылас білдірді.

Әртістер осындай концерттерді үзбей жалғастырып, әлемдік эстрададан тұратын жаңа бағдарлама дайындауға уәде етті.

Суреттерді түсірген Болат Аймағамбетов. Біздің жарнамамызды жібермей қарап, жаңа концерттерге келіңіздер.

Ән – көңілдің ажары!