Қарағандылықтар мен қала қонақтарын Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік шекті квартет ұжымының концертіне шақырамыз!

Шекті квартеттің алғашқы құрамы 1988 жылы Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебінде құрылды. Бүгінгі күні квартетте төртінші буын музыканттар жұмыс істейді. Шығармашылық ұжымның негізін қалаушы - көркемдік жетекшісі, республикалық және халықаралық конкурстар лауреаты, виолончель аспабында ойнайтын дарынды маман Ернар Мынтаев.
Мемлекеттік квартет Қазақстанның алдыңғы қатарлы камералық ансамблінің бірі, шебер орындау мәнерімен, виртуозды техникасымен, аспап үнінің тазалығы әрі сұлулығымен, ансамбль мәдениетімен ерекшеленеді.
Квартеттің репертуары қазақ композиторларының туындылары мен әлемнің классикалық музыкасынан тұрады.
Ұжым көптеген атақты халықаралық әрі республикалық конкурстар мен фестивальдердің лауреаты. Республикамыздың барлық қалаларында, алыс-жақын шетелдерде, Франция, Англия, Австрия, Испания, Италия, Египет, Түркия және тағы да басқа елдердің биік концерт залдарында өнер көрсетеді. Билет бағасы 1000 теңге. Анықтамаға телефон: 41-13-14, 41-22-30, 42-54-72, 41-22-36.