Музыка спорттағы биік белестерге бастайды!

Музыка спорттағы биік белестерге бастайды!

Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі еліміздегі және аймақтағы маңызды спорт шараларын дәстүрлі түрде қолдап келеді. 5 ақпан күні "АрселорМиттал Темиртау" АҚ спорткешенінде ересектер мен жасөспірімдер арасында садақпен атудан Қазақстан Чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Бұл ірі жарысқа еліміздің 10 аймағынан келген 250 қырағы мерген қатысады.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко жетекшілік ететін атақты музыка ұжымы – «Биг Бэнд» джаз оркестрі Чемпионатқа салтанат пен әр қоса түсті. Еліміздің әнұраны, еңбек сіңірген спортшыларға арналған фанфар, атақты спорт әуендері жарысқа қатысатын әр үміткердің бойына рух құйғаны сөзсіз. 

Бірнеше ғасырлық тарихы бар осы көркем спорт түріне сәттілік пен жаңа белестер тілейміз!