Қарағандыда Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің эстрада-симфония оркестрі мен Павел Шаромовтың вокал ансамблінің концерті болады

Қарағанды циркі ғимаратында 4 наурыз күні, сағат 18:30-да Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің эстада-симфония оркестрі мен Павел Шаромовтың (Новосибирск) вокал ансамблінің Халықаралық әйелдер күніне арналған концерті өтеді! Павел Шаромовтың ансамблі Ресей қалалары мен ТМД елдерінде гастрольдік сапармен жиі болады. Музыканттар Германия, Франция, АҚШ, Швейцария, Жапония елдерінің сахналарында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, баспасөзде жылы пікірге ие болып әрі халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүр. Олар патша дәрежесіндегі тұлғаларға эксклюзив концерттер берген, камералық залдарда ән салған, отыз мың аудитория алдында өнер көрсеткен. Америкада музыканттар «Әлемнің орыс ансамблі» деген атқа ие болды, ал өз отанындағы бүкілресейлік «Музыкальное обозрение» газеті (1997 ж.) Павел Шаромовтың вокал ансамблін Жыл ұжымы деп жазды.
Ансамбльдің шығармашылық жолы 1992 жылдан бастау алады. 4 наурыз күнгі бағдарламада Майкл Джексонның, «АВВА» мен «Queen» топтарының әлемдік хиттары орындалады. Дирижёр – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко. Жүргізуші - Владимир Вишняков. Билет құны 1500, 2000, 2500 теңге.
Өзіңізге мейрам мен шаттық сыйлаңыз!