Қарағандыда Е.Рахмадиев атындағы симфония оркестрі мен Мәскеулік пианинашының концерті өтеді

Қарағандыда Е.Рахмадиев атындағы симфония оркестрі мен Мәскеулік пианинашының концерті өтеді

29 ақпан күні «Шалқыма» концерт залында өтетін Е.Рахмадиев атындағы симфония оркестрінің концертіне классикалық әуен тыңдармандарын шақырамыз. Жеке орындаушы – Халықаралық конкурстар лауреаты Филипп Копачевский (фортепиано, Мәскеу). Бас дирижер әрі көркемдік жетекші - Пётр Грибанов. Жүргізуші - Людмила Гольская. Филипп Копачевский АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Азия елдерінің алдыңғы қатарлы оркестрлерімен, атақты дирижерларымен өнер көрсетеді. Пианисттің орындау ерекшелігі романтикалық мәнер мен музыканы жете түсінудің озық үлгісін көрсетеді. Классиканы жоғары бағалайтын тыңдарман бұл концерттен ләззат алары сөзсіз! Билет құны 1200 - 1500 тг. Билетті алдын-ала алыңыздар!