«Жезкиік» І Халықаралық музыка фестивалі Жезқазған қаласында классикалық музыка кешімен аяқталды

«Жезкиік» І Халықаралық музыка фестивалі атаулы солистердің өнер көрсетуімен аяқталды. Үш күнге созылған айтулы музыкалық оқиға «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы және «Туған жер» арнайы бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді.
Фестиваль Қазақстанның матераилды емес мәдени мұрасын сақтау, қазақ фольклорын дамыту және классикалық музыканы насихаттау, туристтік кластерді дамыту, халық мәдениетін жан-жақты танымал ету мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, фестивальдің бірінші күні,12-ші шілдеде туроператорлар форумы ұйымдастырылды. Ол Ұлытау ауылының маңында орналасқан Этноауыл аумағында өтті. Оған туристік бизнес, қауымдастықтар, мемлекеттік органдар, «Kazakh Tourizm» Ұлттық компаниясы, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің және т.б. қатысты. Ақпараттық турға Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің шетелдік әріптестерімен серіктес Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстарынан ақпараттық турға 60-қа жуық туристік операторлар мен туризм қауымдастықтары қатысты. Ақпараттық турдың бағдарламасы тарихи-мәдени, киелі және туристік нысандарға барудан құралды
14-ші шілде, екінші күні «Жезкиік» шеңберінде Ұлытау ауданының Болатсай мекенінде фольклорлық музыка фестивалі өтті. Фестивальге Мексика, Перу, Польша, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Франция, Шотландия, Жапония және Қазақстаннан жиналған 11 кәсіби ұжымдар қатысты.
Жәнеде»Жезкиік» І Халықаралық музыка фестивалінің үшінші, қорытынды күнінде классикалық музыка кеші өтті. 14-ші шілдеде Жезқазғанда Кеңгір су қоймасының жағалауының бойымен этно-музыка фестивалі қатысушыларының шеруі, қатысушылар гала-концерті мен марапаттау рәсімі, солистердің қызыл кілем үстімен өткен дефилесі болды. Сонан соң отандық және шет елдік әртістердің қатысуымен классикалық музыка концерті өтті. Онда 10 елден (Қазақстан, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Австрия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Молдавия, Италия) келген 17 солист өнер көрсетті.
Көрермендер алдында бірінші болып КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова өнер көрсетті. Қазақ классикалық музыкасының аңызы мен «бұлбұлы» Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін орындап берді.
- Соңғы кездері мен сапарларға көп шыға қоймаймын, алайда соған қарамастан, мен осында келмей, сіздермен осы тамаша күнді бөліспей жата алмадым, - дейді Биігүл Төлегенова.
Сондай-ақ жүрек жарды ду қол шапалақпен фестиваль көрермендері ҚР және Татарстан халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваны қарсы алды.
- Біз барлықтарыңызды «Жезкиік» музыка фестивалімен құттықтаймыз. Бұл өте тамаша шара, кешегі этно ауылда өткен гала-концерт ерекше болды. Ал бүгінгі концерт бізді тыңдармандарымызбен жақындастырады. Опера мен классикалық музыканы сүйетін қауым барлық жерде бар, - деді Нұржамал Үсенбаева.
Көрермендер үшін Жезқазған қаласында фестивальге арнайы салынған амфитеатрда дүниежүзінің 10 мемлекеттерінен (Қазақстан, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Австрия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Молдавия, Италия) 17 солист өнер көрсетті. Бибігүл Төлегенова (Алматы, Қазақстан), Шенол и Гюльчохра Талынлы (Түркия), Нұржамал Үсенбаева (Астана, Қазақстан) – Астана опера, Владимир Мороз (Ресей), Ильхам Назаров (Әзербайжан), Амантай Ыбыраев (Қарағанды, Қазақстан), Талғат Мұсабаев (Астана, Қазақстан) – Астана опера, Оксана Давыденко (Алматы, Қазақстан) – ГАТОБ, Талғат Ыдырысов (Қарағанды, Қазақстан), Жан Тапин (Астана, Қазақстан) – Астана Опера, Анна Риан (Австрия), Асмик Леолян (Армения), Ельнура Жанабергенова (Қырғызстан), Жеңісбек Пиязов (Өзбекстан), Игорь Подгориану (Молдавия), Марко Боэни (Италия).
Классикалық музыка кешінде «Біржан Сара» операсы, «Абай» операсынан ария, Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» секілді қазақ классикалық музыкасымен қатар, дүние жүзіне әйгілі Джузеппе Вердидің, Жорж Бизе, Джакомо Пуччини, Джеймс Ласт, Иоганн Штраустың және тағыда көптеген композиторлардың туындылары шырқалды.
Классикалық музыка кешінің солистері осындай орасан зор шараның ұйымдастырылуына қатысты шаттықтарын білдірді. Ал көрермендер болса, осындай мереке ұйымдастырылғаны үшін сезімге толы жүрек жары алғыстарын айтты.
- Кеше біз Ұлытауда фестивальде болып қайттық: ерекше табиғат және естен кетпес ауа, тамаша концерт және әртістер. Біз барлық музыканттармен суретке түстік. Бүгін барлығы одан да жақсы болады деп ойлаймыз. Мұнда осындай зәулім, ерекше саxна орнатады деп күтпеген едік. Көрініс тамаша", - дейді Жезқазған қаласының тұрғыны Эльмира.
- Кеше мен фольклорлық музыканы тыңдадым, өте қатты ұнады. Бізге, Жезқазған мен Ұлытауға алғаш рет 11 елдің әртістері келіп отыр - бұл бір үлкен жетістік. Енді көптеген елдер мен адамдар Ұлытау мен Жезқазған туралы білетін болады, - деді Самал Жезқазғаннан.
Фестиваль жарқын отшашумен аяқталды.