Қарағанды кәсіби колледждерінің жасөспірімдеріне арналған көктемгі эстрадалық концерт

Қарағанды кәсіби колледждерінің жасөспірімдеріне арналған көктемгі эстрадалық концерт

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жеке орындаушылары 9 наурыз күні Қарағандының кәсіби колледждерінің жасөспірімдері үшін көктем мерекесіне арналған эстрада концертін берді. Іс шара Қазақстандағы "Балалар жылына" арналған мәдени жобалар аясында өтті. Бұл ауқымды шараның балаларға арналғаны - бүкіл жас көрерменге ерекше сезім сыйлады. Кәсіби әртістердің өнеріне қызыға қол шапалақтап, әр ән мен биді балалық қуанышпен қарсы алды. Тимур Күдеринов дайындаған фотобаян мен суреттер альбомын назарларыңызға ұсынамыз. Суреттен мерекелік көңіл-күйді байқай аласыздар.