Тәттімбет атындағы VIII Республикалық конкурс

2021 жылы қараша айының 2-4 күндері аралығында Қарағанды қаласында халқымыздың дарынды біртуар тұлғасы, атақты жерлесіміз, күйші Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы халық аспаптарында орындаушылардың VIII Республикалық конкурсы өтеді. Конкурстың жеребесі 2 қараша күні, сағат 17.00-де, ал салтанатты ашылуы 18.00-де «Шалқыма» ғимаратында басталады. Қарағанды облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Атырау, Қостанай, Павлодар, Семей, Өскемен, Қызылорда өңірлерінен келген үміткер жас орындаушылар екі күн бойы қыл-қобыз, прима-қобыз, домбыра тенор аспаптарында классикалық туындылар және халық күйлерінен бақ сынайды.
Екі күнге созылатын өнер додасы «Шалқыма» концерт залында, Қарағанды қаласының мамандандырылған №1 және №2 музыка мектептерінде күндізгі сағат 09.00-ден басталады. 4 қараша күні, сағат 18.30-да «Шалқымада» байқаудың жабылу салтанаты өтеді. VІІI Республикалық Тәттімбет атындағы конкурста жеңіске жеткен лауреаттарды әділқазы мүшелері марапаттайды. Соңында лауреаттар күй орындайды.