Ертең, 3 мамыр күні Джаз ұжымы өзінің XXVIII маусымының жабылу концертін өткізеі.

Қарағандының джаз оркестрі көрерменнің ең сүйікті ұжымының бірі. Себебі, репертуар саналуан, қызықты. Әлемдік джаз класикасынан бастап, бүгінгі заманауи әуендер, кинофильмнің атақты үзінділер, қазақ және шетел әндері оркестрдегі музыканттардың шебер ойынының арқасында көрерменнің көңілінен шығып келеді.
Ертең, 3 мамыр күні Джаз ұжымы өзінің XXVIII маусымының жабылу концертін өткізеді. Бұл – нағыз джаз кеші болмақ! Сіздерге арнап Ксения Николаева «Mambo Italiano», «Can't Buy Me Love», Айдан Тұңғышбаев «Smooth», «Let The Good Times Roll», «My Cherie amour» әндерін шырқаса, ал оркестрмен бірге жеке орындаушылар А.Коротков «Bop of the world», Д.Дымов «Jest a moment», М.Гудыма «Lover man», П.Качанов «Sing Sing Sing» туындыларын тарту етеді. Және тағы да басқа танымал музыкалар орындалады.
Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.
Жүргізуші – Людмила Гольская.
Концерт сағат 18.30-да, Цирк ғимаратында басталады.