Жолдауды іске асыру туралы

ҚР Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арналған «Жаңа онжылдық – экономикалық жаңа өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын сындарлы және тиімді түрде насихаттауды ұйымдастыру мақсатында мәдениет басқармасы Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру мен насихаттау жөніндегі шаралар жоспарын жасады. БАҚ-на жариялау үшін пікірлер жіберілді. Облыстық мәдениет пен өнер ұйымдарының еңбек ұжымдарында Қазақстанның 2020 жылға дейін даму стратегиясын талқылау жөнінде жиналыстар өтті.

Облыстық бағынышты мәдениет пен өнер ұйымдарында бірінші басшылардың қатысуымен Жолдаудың негізгі бағыттарын насихаттау мен түсіндіру, жергілікті жердегі жұмыс жоспарларын жасау туралы мәселе талқыланды.
Дағдарысқа қарсы Жол картасы бағдарламасын іске асыруды одан әрі жалғастыру мақсатында аудандар мен қалалар шеңберінде мәдениет объектілерін және нақты объектілерді жөндеу қажеттігін анықтау, сол жөндеу жұмыстарына керекті еңбек ресурстары мен қанша кадрларды қайыра даярлау қажеттігін, сондай-ақ тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге қажеттілікті белгілеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.
2010 жылдың сәуір айынан қараша айына дейін жекелеген ауылдық елді мекендерді дәріс оқитын топтармен, концерттік және театр ұжымдарымен қамтитын «Ауылым – алтын бесігім» ақпараттық-мәдени керуенінің сапарға шығу кестесі жасалды.
Елбасы Жолдауының қағидаларын насихаттау мақсатында облыстық кітапханаларда «Қазақстан – 2020 болашаққа бірге барамыз», «Жарқын болашақтың жасампаз бағдары», «Қазақстанның ОБСЕ-гі төрағалығы», «Жаңа онжылдыққа – жаңа жоспарлармен», «Қазақстан – 2020: болашаққа бірге барамыз», «Қарағанды облысы: тұрақтылық пен жаңарудан гүлденуге», «Қазақстан: шындық, жаңару, болашақ», «Қазақстан және ЕҚЫҰ», «Қазақстан халқы Ассамблеясы» сияқты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Президент Жолдауы бойынша ақпараттарға жедел қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында кітапханалар электронды каталогтарды әдебиеттермен басымырақ жарақтандыруға ерекше көңіл аударуда.
Әсіресе бұқаралық шараларға көбірек көңіл бөлінеді. Мысалы, «Болашақ» университеті мен Тәттімбет атындағы өнер колледжі студенттерінің аудиториясы үшін Гоголь атындағы ОӘҒК - да «2010 жылдың басты басымдылығы: Жолдау жолдарынан», «Президент Жолдауы – елді біріктіруші күш» ақпараттық сағаттары ұйымдастырылды. Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер және Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының оқырмандары үшін «Біз Қазақстанның болашағымыз» on-line конференциясы өткізілді. Дәрісхана талқысына жастар үшін Елбасы Жолдауының қай мәселесі неғұрлым есте қаларлық, жарқын болғаны түсті. Қызу пікірталас барысында Президент пен Үкімет қолданып отырған дағдарысқа қарсы шаралар, ұлт өміріндегі қазіргі кездегі білім беру мен оқу мәселелері талқыланды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Президент Жолдауы – Қазақстанның қарышты дамуының қуатты серпіні» кездесу-әңгімелесу кешін ұйымдастырды. К.Станиславский атындағы театрда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуының 15 жылдығына арналып «Бір шаңырақ астында» жинағының тұсаукесері өтті.
Президент өз Жолдауында ел тарихындағы маңызды күн – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына ерекше тоқталды. Қаңтар айынан бастап кітапханаларда Отан соғысына арналған әдебиеттерді насихаттау жөнінде түрлі бұқаралық жұмыстар жүргізіліп, ардагерлерді қолдау акциялары өтуде. Кітап көрмелері жасалып, үйлеріне барып қызмет көрсетілетін соғыс және еңбек ардагерлері тізіміне енгізілетін оқырмандарды анықтау үшін сауалнама жүргізілуде.