Ән өнерінің Толағайына айналған Ілия Жақанов Арқаға келді. Шалқыма концерт залында «Толағай» атты шығармашылық кешінде алып өнер иесінің әндері шарықтады. Көрерменнің ортасында отырып, көңілі қалықтады. Кешінің соңында сөз алып, «Арқа жұртын үнемі сағынып тұрамын», деді.
Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестікке – 85 жыл. Ғасырға жуық уақыт ішінде ордалы өнер ұжымы аңызға айналды. Олар жайлы биік мінбелерден айтылып, әуен сүйген жұрты алапасын асырды. Дархан даланың құдіреті аңқыған ұлттық музыканы кең жаһанға танытты. Халқының ықыласына бөленіп жүрген концерттік бірлестік өзінің мерейтойын Сәкен театрының сахнасында дүркіретіп атап өтті. Театрға ел ішіндегі игі жақсылар түгел жиналды. Өнерге қызмет етіп, өмірін халық мәдениетіне арнаған дарын иелеріне құрмет көрсетілді.
Қазақ әнінің дүлдүлі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жақсыкелді Кемаловтың «Айбоз ғұмыр асқақ ән» атты шығармашылық кеші өтті. Кеншілер мәдениет сарайына Алаштың сәулелі ұлдары түгел жиналды. Көш басында қазақ әнінің абызы – Қайрат Байбосынов. Кеудесі домбыраның шанағына, жүрегінің тамыры шекке айналған, ән деп ғұмыр кешкен тума таланттың тойы Арқада дүбірледі. Сахнада рух домбыра боп сөйледі.
2023 жылдың 12 наурызы күні «Шалқыма» концерт залында жергілікті композиторлардың туындыларына арналған «Ән керуен» концерті өтті.
7 наурыз күні "Шалқыма" концерт залында нәзік жанды аруларымыз бен аяулы аналарымызға, сүйікті әпке-қарындастарымызға арналған "Аруға әсемдік жарасады" атты мерекелік кеш өтті.
2023 жылдың 4 наурызы күні Кеншілер Мәдениет сарайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы, профессор Дүйсен Қорабайұлы Қасеиновтың "Бар байлығым - достарым" атты халықаралық фестивалі болып өтті.